Қазақстандық оқушы ҰБТ-ға телефонын кекстің ішіне жасырып кіргізген
Талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуге кіретін кезде телефонын кекстің арасына салып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жайында ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.
"Модем және ұялы телефон қосылған тәтті десерт. Креативті тестіленушілер бізді таңғалдырудан жалықпайды. Кезекті суретте Сіздердің назарларыңызға кекстің ішіне тыйым салынған заттарды алып кірген талапкердің шығармашылық жұмысын ұсынамын. Бірақ оның бұл қулығы біздің қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспады", - деп жазады орталық директоры.
Сондықтан оған креативті жұмысы үшін "140", ал қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесіне "0" деген балл беріледі.
"Құрметті тестіленушілер! Сіздерге ҰБТ-да смартфонға емес, тек өз біліміңізге сенуге кеңес беремін", - дейді Руслан Емелбаев.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
