Қазақстандық гимнастшылар Азия ойындарында ұлттық құрамаға екі медаль сыйлады
Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева мен Милана Парфилова жазғы Азия ойындарында екі жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

18 жастағы Таниева мен 16 жасар Парфилова жеке сайыста күміс пен қоланы жеңіп алды. Таниева 130.700 ұпай жинап, 2-орынды иеленді. Парфилова 130.050 ұпайды еншілеп, 3-орын алды.
131.300 ұпаймен өзбекстандық Тахмина Икрамова жеңімпаз атанды.
Азиада аяқталардан бір күн бұрын Қазақстан құрамасы медальдық есепте 11-орында тұр. Командамыздың еншісінде он алтын, 21 күміс және 47 қола, барлығы 78 медаль бар.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан