Қазақстандық гимнаст Испаниядағы Гран-приде қола жүлдегер атанды
Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі қазақстандық гимнаст Эльжана Тәниеваның Испаниядағы Гран-приде қола жүлдегер атанғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эльжана Тәниева Марбелладағы (Испания) Гран-приде үшінші орын алды. Тәниева доппен жаттығуларда үшінші болып нәтиже көрсетті", – делінген хабарламада.
Деректерге сәйкес финалда ол 32 900 ұпай жинап, қола жүлде иеленді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

