Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандық атақты актрисаға өлердей ғашық болдым": Әзілкеш Марат Достаев жеке өмірі туралы айтты

КВН арқылы көпшілікке танылған Марат Достаев отбасы, жеке өмірі, өкініштері мен әзіл әлеміне қалай келгені жайлы баяндады. Әзілкеш бір аруға өлердей ғашық болғанын мойындайды. Алайда көп қыздарға қоятын талабы жоғары. 

Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаты кезінде баяндады. 

Марат Достаев оқушы күнінен өнер әлеміне келуді армандаған. Мектепте жақсы оқығанымен, жасөспірім шақта өте бұзық болғанын жасырмайды. Сабақтан гөрі өнерге деген құлшынысы оны Алматыға жетелеп, 15 жасында-ақ үлкен сахнадан көрінеді бастады. 

“Менің әкем ақын, жазушы. Сол кісіден дарыды ма екен, өнерді жақсы көрдім. Неге екенін театр әртісі болғым келетін. Ол кезде КВН деген жоқ. Кейін шықты ғой. Солай әзіл әлеміне келдім. 15 жасымда сахнада өнер көрсеттім. Оқушы кезімде өз ауылымды “жұлдыз” болдым. Себебі мені сыныптастарым телеэкраннан көретін. Жұлдыз ауруымен ауырған кездерім де болды”, – деді әзілкеш. 

Ол бұрын әзіл айтса, қазір әділқазы алқасының мүшелігінде. 


"Үлкен қызым сол үшін араласпай кетті": Абай Бегей әйелі қайтыс болған соң балаларынан жасырын үйленгенін айтты


“КВН арқылы танылып, телеарнада жұмыс істеп, бір-екі бағдарлама ашып, айлығымыз көтерілген кезде, чемпион атағын алған кезімізде “жұлдыз” ауруымен ауырдым. Адам жақтырмай қалғандай болдым. Бауырларым ескертті. Сен өзгеріп бара жатырсың деді. Солай өз-өзімізге келдік. Ал КВН-де жұлдыз бола алмайтынбыз. Себебі, “дедовщина” деген болды. Биді дұрыс билей алмасақ, сахна сыртында тарсылдатып ұратын. Сондай кезеңдер болды. Кейін соны өзімізден кейінгілерге істедік. Сонда ешкімнің жұлдыз болуға шамасы келмейтін. Қазір ондай жүйе жоқ. Қазір он жас кіші әзілкеш сен деп сөйлей береді. Қазір тәртіп жоқ”, – деді ол. 

Марат Достаев өзінің өмірде бір ғана қызға ғашық болғанын мойындайды. 

“Мен бір актрисаға ғашық болдым. Ол танымал актриса. Бірақ өзі де білмейді. Сыртынан ғашық болдым. Достарым ғана білетін. Тағы бір-екі әнші қыздар ұнады. Ғашық емеспін. Жай ғана ұнады. Мен шоу-бизнес өкілдерінің өмірінің қандай екенін білемін. Сондықтан олармен бас қосқым келмейді. Сол үшін сыртынан ғашық болып жүре беремін. Бұл жауапсыз махаббат. Ал кездескен, жүрген, танысқан қыздар көп. Біреуінің талғамы, біреуінің талабы, біреуінің әзілге көзқарасы ұнамады. Солай өз адамымды кездестірмедім. Әйтпесе, жағдайға қарап тұрған жоқпын. Біреуі ақшаңа қарайды, біреуі әзіліңді түсінбейді, біреуі адам тұншығардай әтір сеуіп алады. Сосын көңілден шықпайды”, – деді әзілкеш. 

Талқылау