Үйіңізге дейін жеткізіледі: Kcell Auleti 5G желісін халыққа жақындата түсті
Қазақстан ұялы байланыс әлеміндегі жаңа дәуірге табан тіреді. Оны еліміздегі қалалар мен өңірлердегі 5G желілерінің қарқынды түрде іске қосылып жатқаны дәлелдейді. Енді 5G технологиясы Kcell Auleti жобасының арқасында пәтерлерге кіре бастады. 31 тамызда бастау алған жоба аясында 60-тан астам тұрғын жоғары жылдамдықты бесінші буын желісін үйіне орнатты.

Ал енді араға екі апта салып 5G байланысын үйден шықпай-ақ орнатуға мүмкіндік жасалды. Ол үшін Kcell Auleti қызметі арқылы онлайн тапсырыс берсеңіз жеткілікті.
Телефон батырмасын бірнеше рет бассаңыз болғаны, соңғы байланыс технологиясы үйіңіздің табалдырығын аттайды. Ең бастысы, ол сымсыз да қолжетімді. Қабырғаларды бұрғылап, сымдарды тартуды ұнатпайтындар үшін бұл ұтымды ұсыныс.
Үйдегі Wi-Fi және мобильді желілерде қолданылатын қазіргі технологиялармен салыстырсақ, 5G біз күткеннен де асып түсетін нәтиже көрсететінін байқауға болады. Себебі 5G – жоғары жылдамдықтағы байланысты қамтамасыз етуге, кідірістерді азайтуға арналған ұялы желілердің бесінші буыны. Бұл технология әртүрлі инновацияларға, соның ішінде автономды көліктерге, ақылды қалалардың дамуына үлес қосады.
Бүгінде Kcell орнатқан 5G станциялары Алматы, Астана, Шымкент және Түркістан және басқа қалаларда 255 мекенжайда қолжетімді. Бір ғана Алматының өзінде 98 орында, ал Астанада 79, Шымкентте 56 мекенжайда тұрғындар жылдам желінің игілігін көріп отыр. Сонымен қатар, Kcell-дің 5G базалық станциялары еліміздің батыс өңірінде, Атырау, Ақтау және Орал қалаларында жұмыс істей бастады. Жаңа желіні Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, қалаларының тұрғындары да сынай алады. Республика бойынша 5G қолжетімді мекенжай тізімін толығырақ Kcell Auleti веб-сайтынан көруге болады.

Демек 5G технологиясының қарқынды дамуы өмір сапасын жақсартудағы әрі технологиялар жетекші рөл атқаратын ақылды қала мен қоғам құру жолындағы маңызды қадам.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді