Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері 112 мемлекеттік қызметкерге 35 миллион теңге айыппұл салынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 8 ай ішінде 112 мемлекеттік қызметкердің әкімшілік жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мемқызметкер

Агенттік дерегіне сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 35 миллион теңге.

“Мемлекеттік қызметшілер көбінесе жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзғаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қолданбағаны, бизнестің заңды қызметіне кедергі келтіргені, кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны, іс жүргізу әрекеттерімен байланысты құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылады”, – делінген хабарламада. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі әкімшілік іс жүргізу тәжірибесі көптеген елдерінде қолданылады екен. Мәселен, француз заңнамасында жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке емес, әкімшілік шараларға басымдық беріледі. Латвияда жемқорлар қылмыстық жауапкершіліктен 10 есе көп әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Талқылау