Елімізде жаңа мораторий енгізілгелі жатыр
Қазақстан үкіметі квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізбек. Тиісті қаулы жобасы Ашық құқықтық актілер порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: lawr.ru
Мемлекет басшысының "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" жарлығын іске асыру шеңберінде 2026 жылы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізу ұсынылды. Қаулы жобасына сәйкес, осы уақытқа дейін Қазақстанда мыналарды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру мүмкін емес.
- "Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" заңның сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі;
- Қазақстан президентінің тікелей тапсырмасы бойынша ерекше істер.
"Жобаны қабылдау мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыруға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын азайтуға және жеке секторды дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді", – делінген құжатта.
Қаулы жобасы 1 тамызға дейін талқыланады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қаланың егжей-тегжейлі жоспарына өзгеріс енгізуге мораторий жарияланғаны туралы жазған едік.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"