Оңтүстік Африкада пастор үш күннен кейін ақырзаман болады деп болжады
Оңтүстік Африка көріпкелі Джошуа Млакела биыл 12-13 қазан ақырзаман болады деп болжаған еді. Бұндай болжам қайдан пайда болды және бұл қаншалықты шындыққа жанасатынын саралаймыз.
Бұл жерде тілге тиек ететін бір деталь бар. Млакеланың болжамы ғылыми тұрғыдан емес, құс жұлдызының өзінің діни болжамы туралы болып отыр. Оның үстіне оның айтып отырған мерзімі еврей күнтізбесіне сәйкес келмейді және бұған дейін де ол қате мерзімдерді болжаған.
Ақырзаман болады деп, әлемге қара аспанды төндіріп жүрген кім?
Джошуа Млакела — Оңтүстік Африкадан шыққан көріпкел, ол жақын арада ақырзаман туралы бірқатар мәлімдемелерден кейін әлемге танымал болды. Қыркүйек айында Млакела – 12-13 қазан аралығында ақырзаман болатыны туралы материал жариялаған еді. Кейінірек ол бұл болжамды тілге тиек ете отырып, оны еврей күнтізбесі мен астрономиялық символдар бойынша тағы түсіндірді. Көріпкелдің айтуынша, оған бұл мерзімді анықтауға “Керней мерекесі” мен діни көріністер көмектескен. Алайда, 12 немесе 13 қазанда Жерде шынымен де қандай да бір жаһандық апаттық оқиға болуы керек деген дәлелдер жоқ.
Джошуа Млакеланың сөзінше, ақырзаман қалай болады?
Бұл жерде әлеуметтік желілерде тарап кеткен басты бұрмалау пайда болады. Млакела, ең алдымен, Rapture — "көтерілу" туралы айтады, ал БАҚ пен пабликтер оны көбіне "әлемнің ақыры" деген тұжырымға келтіреді. Протестанттық христиандықтың кейбір бағыттарында “көтерілу” деп діндарлардың жерден Христоспен кездесу үшін алынатын оқиғасы деп түсінеді. Сонымен қатар, әртүрлі христиандық конфессиялар мұндай түсініктерді әртүрлі жеткізеді, ал көбі қазіргі танымал түріндегі "көтерілу" туралы жеке доктринаны мүлдем ұстанбайды.
Демек 12-13 қазан күні жер адамзат жойылады деу – Млакеланың болжамы бұрмалау.
Млакела бұған дейін де ақырзаман болады деп болжаған, алайда барлығы қате болған
Көріпкелдің болжауы бірінші рет емес. Бұған дейін Джошуа Млакела есімі былтыр 23-24 қыркүйекте ақырзаман болады деп мұқым халыққа жар салғанда тараған еді. Ол кезде де біздің көріпкеліміз “Керней мерекесімен” ұштастырып, айтқан болатын. 23 және 24 қыркүйек өтті, бірақ ондай ештеңе болған жоқ. Осыдан кейін Млакела күнтізбелік есептеулерді қайта қарап, жаңа мерзімдерді атауды жалғастыра берді. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, алдыңғы болжамдардың кең тарағаны соншалық, оған сенген кейбір адамдар мүлкін сатып, жұмыстан шығып кеткен.
Расымен де келесі аптада ақырзаман бола ма?
Бірден айтайық – әрине жоқ. 2026 жылдың 12 немесе 13 қазанында Жерге ақырзаман қаупі төніп тұрғаны туралы ешқандай расталған деректер жоқ. Млакеланың төндіріп отырған ақырзаманы жай ғана оның діни көзқарастарына, көріністеріне және күнтізбені жеке түсіндіруіне негізделген. Ол ғылыми болжамның нәтижесі емес.
Осы күндері ғаламшарды жойып жіберетін ғарыштық қауіп туралы да деректер жоқ. NASA-ның Жер маңындағы нысандарды зерттеу орталығы белгілі астероидтар мен кометалардың орбиталарын үнемі қадағалап отырады. NASA мәлім еткендей, белгілі нысандардың арасында алдағы жүз жылда Жермен соқтығысу қаупін төндіретін астероид жоқ.
Әрине, астрономиялық бақылаулар діни ғажайыпты растай да, жоққа шығара да алмайды. Бірақ нақты адамның сәуегейлігін ғаламдық апаттың белгіленген ғылыми болжамы деп көрсетуге негіз жоқ.
Еске сала кетейік, Алматы облысында ақырзаманды болжап, жұртқа айтып, заңсыз үйінің жобасын жабдықтаған тұрғынның үстіне көршілері арызданды.
