Қазақстанда тәртіпсіздіктерден кейін азаптау және лауазымын асыра пайдалану бойынша 16 іс тергелуде
Қазақстанда прокурорлар азаптау және полицейлердің лауазымын асыра пайдалануына қатысты 16 істі тергеуде. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кісі өлімі, азаптау, тұтқындалғандарға қатысты лауазымын асыра пайдалану деректері бойынша істер тергелуде. Жалпы Қазақстан бойынша 16 қылмыстық іс тіркелген", - деді ол баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта прокуратураға тергеу барысында азаптау және азаматтың құқығын бұзуға қатысты полицейлердің үстінен 91 арыз келіп түскен.
"Әр қайсысын тексереміз. 19 арызда көрсетілген тәртіп бұзушылықтар анықталмады. 56 арызға қатысты тексеріс жұмыстары әлі жалғасып жатыр", - деп қосты Елдос Қилымжанов.
Елдос Қилымжанов 12 қаңтарда заңсыз қамауға алынған 24 қала тұрғынының босатылғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда оқ тиген 29 адамның тергеу изоляторына қамалғанын хабарлаған едік.
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді