Қазақстанда педофилдердің 77%-ы - жәбірленушілердің жақындары
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсететіндердің көбісі баланың жақындары екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі отырыста Нартай Сәрсенғалиев статистикаларды айтты.
2019 жылы Қазақстанда құқық қорғаушылардың есебінде 2800 зорлықшы, 1350 педофил болған. 2021 жылы колонияларда 1861 педофил жазасын өтеген. Сол жылы түрмедегі 50 педофил босатылды деген ақпарат тарады.
"Сұрақ балаларды кім зорлайтынында. Егер педофилдер кімдер сұрақтың жауабын қарастырсақ, зорланған балалардың 77%-ы осы үйдегі әкелерінен, өгей әкелерден, көршілерден немесе туыстарынан зардап шеккені туралы ақпарат аламыз", – деді депутат.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді