Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өңірлерінде ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанның 6 аймағында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетеді. 

15-16 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с деңгейінде күтіледі.

Шымкент қаласында шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. 

Маңғыстау облысында күндіз 38-39 градус қатты ыстық болжанып отыр.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Талқылау