Қазақстанда мәслихат депутаттығына 20 жасқа толған адам кандидат бола алады
Қазақстанда мәслихат сайлауына 3415 депутат сайлауға түседі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаттығына кандидат болуға мүмкіндігі бар.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына депутаттардың 50%-ы мажоритарлық жүйе бойынша, 50%-ы партиялық тізімдер бойынша сайланады. Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толығымен мажоритарлық жүйеде өтеді. Егер мәслихатта 30 депутаттық мандат болса, оның 15-і партиялық тізім бойынша және 15-і аумақтағы бірмандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын болады", - деді Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты