Қазақстанда коронавируспен екінші рет ауырған науқастар бар ма? Цой жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Коронавируспен екінші рет ауырған науқас тіркелді ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанда коронавируспен қайта ауырған науқас анықталмады. Басқа елдерде осындай жағдай орын алғанын білеміз. Кейбір кездері коронавирустан айыққан науқастардың ағзасында вирустың қалдықтары қалып қояды. Ал ПТР-тесттердің жауабы дұрыс болмауы мүмкін. Десек те коронавирусқа қайта шалдығып, қайта ауырған науқас Қазақстанда тіркелмегенін айтқым келеді", - дейді Цой.
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"
Бурабайға шомылуға барған отбасы тері ауруын жұқтырған: Дәрігер қазақстандықтарға ескерту жасады
Дәрігер: "Бала ойда-жоқта қасып, басқа адамдарды ұстаса ауру одан әрі жұға береді"