Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның бағасы белгілі болды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов 1 вакцинаның қанша тұратынын айтып берді, деп Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

"Вакцинаның бағасы логистикаға байланысты. Яғни оны елге жеткізу ақысын да ұмытпауымыз керек. Ал вакцинаны өзімізде әзірлеп, өндірсек, әрине, оның бағасы арзанырақ болады. Себебі отандық өнімді дайындап шығару мен оның бағасын бақылауда ұстау өз қолымызда болады. Қазақстанда 2 дозадан тұратын 1 вакцинаның құны 26 АҚШ долларын құрайды. Бұл баға қай елде өндірілгеніне қарамастан барлық вакцинаға ортақ", - деді Ерлан Қиясов. 

Бас санитар дәрігердің айтуынша, жуырда отандық вакцина өндіріле бастайды. 

"Вакцина - ол қорғаныс. Ең алдымен сіз өзіңізді қорғайсыз. Сондықтан вакцина салдыруға кеңес беремін. Дегенмен ол әр адамның өз еркінде екенін ұмытпауымыз керек. Жаппай халыққа вакцина салу тегін түрде жүргізіледі", - дейді ол. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, вице-министр вакцинадан кейін өзін қалай сезінетіні туралы айтып берген болатын. 

Талқылау