Қазақстанда ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 14 мамырда Шымкентте шығыстан соққан жел 15-20 м/с дейін, Түркістанда шығыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-шығыстан соққан жел түнде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с дейін күшейеді.
14 мамыр күндіз Маңғыстау облысында 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжанып отыр. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
14-16 мамырда күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, 15-16 мамырда түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды