Қазақстанда әскерилердің зейнет жасы 5 жылға өседі
Қорғаныс министрлігіндегілер әскерилердің зейнет жасын көбейту туралы жоспармен бөлісті. Бұл туралы министрліктің Зейнетпен қамту орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл әскери қызмет туралы заңға қызмет мерзімін бес жылға көбейту туралы норма мен өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты зейнет жасы да бес жылға өседі", – деді Қайыржан Бимолдин.
Бұл әскери қызмет туралы заңда әскерилер үшін бекітілген шектік жасқа тікелей байланысты. Сонымен қатар әскерилер ынтымақты зейнетке мемлекеттік бюджет есебінен шығады. Бұған дейін бұл жинақтық жүйе есебінен іске асырылып келген.
2021 жылы әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағындағы қаржының 50% жеткіліктік шегіне қарамастан қолдану мүмкінлігі берілген еді. Егер әскери қызметкердің жинағында 3 миллион теңге болса, 1,5 миллион теңгесін қолдануға құқығы бар.
Талқылау
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады