Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күнін бекіту ұсынылды
Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні бекітілуі мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ашық НҚА" порталында заң жобасы жарияланды, оған сәйкес Қазақстанда екі жаңа мерзім бекітілуі мүмкін. Мерекелердің тізбесіне өзгерістерді Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті дайындаған.
- Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болмақ
- Атырауда "Масленица" мерекесін тойлау үшін білім ордасында тұлып өртеген мектеп директоры қатаң сөгіс алды (видео)
Ақпаратқа сүйенсек, Аналар күнін мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісінде тойлау ұсынылған. Ұсынысты қоғамдық талқылау 5 сәуірге дейін жалғасады.
Еске салайық, бұған дейін елімізде Ұлттық баспасөз күнін бекіту туралы ұсыныс жасалған еді. Ол 2 ақпанда тойланады.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді