Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болмақ

Қазақстанда аналар және әкелер күні атап өтіледі. Бұл туралы ҚР Үкіметі қаулысының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстанның мерекелік күндерінің тізіміне аналар күні мен әкелер күнін енгізуді ұсынады.

"Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі", – делінген құжатта. 

Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қаулы жобасы 2023 жылғы 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. 

Талқылау