Қазақстанда АЕК мөлшері өзгерді: Айыппұл көлемі де өсе ме?
Қазақстанда 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін президент 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өсті.
"Алайда айыппұл санкциялары, салықтар мен басқа да төлемдер үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарда 3 063 теңге мөлшерінде бекітілген АЕК қолданылады", - делінген қаржы министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар, ведомство ақпаратынша, әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін ұлғайды.
Осыны ескеріп, 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4 процентке артты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды