Қазақстанда 2024 жылы электр энергиясы тарифтері тағы көтерілуі мүмкін бе – Энергетика вице-министрі жауап берді
Қазақстанның энергетика министрлігі “2024 жылдың соңына дейін электр энергиясы тарифтері тағы да көтерілуі мүмкін бе” деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов электр энергиясы тарифтерін табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетінін, ал энергетика министрлігі тек электр станцияларындағы тарифтерге жауапты екенін атап өтті.
"Біз станциялардағы тарифтерді 1 қаңтардан бастап көтердік, сондықтан электр станцияларында жыл соңына дейін электр энергиясы тарифі өспейді. Бірақ көмірдің немесе басқа заттардың бағасы күрт өсіп кетсе, реттеуші шаралар деген ұғым бар", – деп түсіндірді Сұңғат Есімханов.
Ол тариф бағасы көтерілгенде кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы да көтерілетінін айтты. Айтуынша, Жезқазған ЖЭО-да машинистің орташа жалақысы – 400 мың теңге. Бұл – энергетика саласы үшін жақсы жалақы. Бірақ Жезқазған металлургия кәсіпорнында жалақы – 600 мың теңге. Сол себепті кей мамандар кетіп жатыр.
"Мұның бәрін кешенді түрде қарастырылуы керек, бірақ алдағы айда сол үшін тарифті көтереміз деп тұрған жоқпын", – деп толықтырды Сұңғат Есімханов.
Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда коммуналдық тарифтер көтерілетінін және ол қаржы қайда жұмсалатынын айтты.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды