Қазақстанда 2020 жылдың соңында күн қатты суытады
Қазақстан бойынша 2020 жылғы 29-31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағында атмосфералық процестердің жылдам ауысуы күтілуде.
"Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігінде қардың мол түсуіне, бұрқасын соғып, желдің күшеюіне және ауа температурасының қысқа мерзімді көтерілуіне әкеледі. Бірақ 30 желтоқсанда циклонның артынан Арктика аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі күтіледі, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтатылуы және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі", - дейді синоптиктер.
Солтүстікте түнгі уақытта температура 30-38 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды