Қазақстан ҰҚШҰ -ға төраға болды
Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төраға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өткен жылдың 23 қарашасында Минскіде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету міндеті Қазақстан Республикасына өтетінін мәлімдеген еді.
Осыған орай мемлекет басшысы Қазақстан төрағалығы кезінде ұйым қызметі бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты ұсынды.
Президент ұсынған басым бағыттар:
- ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік саласында мүдделі елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
- Әскери ынтымақтастық мәселелері бойынша қарым-қатынас;
- Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытындағы ынтымақтастықты дамыту;
- Есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына да қарсы күрес;
- Қару-жарақтың заңсыз айналымымен және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес;
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту;
- Ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылды жандандыру.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды