Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан шетелдегі жүз шақты ғалымды қайтарып алуға ниетті

Қазақстан шетелден жүздеген отандық ғалымды қайтаруға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Pixabay

Мәжілістің жалпы отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 90-жылдары көп ғалымның шетелге кеткенін, қазір министрлік оларды Қазақстанға қайтарумен айналысып жатқанын айтты.

"90-жылдары Қазақстанда 52 мың ғылыми қызметкер болса, 2000 жылға қарай олардың 12 мыңы ғана қалды. Біз кеңес ғалымдарының үшінші буынының 35 мың адамынан айырылдық. Елшіліктермен бірлесе отырып, жетекші ғылыми институттарда немесе университеттерде жұмыс істейтін 680 жас немесе тәжірибелі ғалымдарды анықтадық. Қазір біз оларды қайтару бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деді министр.

Министрдің айтуынша, жұмыс үш бағытта жүргізіліп жатыр. Ғалымдар Қазақстанға оралуға дайын болмаса, "Болашақ" бағдарламасы арқылы жас мамандарды оқуға жібермек.

"Мұрат Сапарбаев Парижде үлкен зертханаға жетекшілік етеді. Оның жетекшілігімен әл-Фараби және Сәтбаев университеттерінің алты ғалымы жұмыс істейді. Сапарбаев оларды оқытып, Қазақстанда осындай зертхана құруға атсалысады", – деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар ғалымдарымызды "тікелей қайтару" нұсқасы да бар. Осылайша Дос Сарбасов Қазақстанға оралды.

"Біз оған президент жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі мәртебесін бердік және Назарбаев Университетінен зертхана бердік", – деді министр.

Үшінші нұсқа – елден кеткен ғалымдар Қазақстандағы әріптестеріне дәріс оқиды.

"Digital Nomads Lecture атты жоба бар. Немесе оларды ғылыми кеңестерге тәуелсіз директор ретінде шақырамыз", – деп қосты министр.


2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

Талқылау