Қазақстан шекарасында құны 2 миллион теңге болатын өзбек кілемі тәркіленді

"Келес" теміржол кеден бекетінде Қазақстанға бет алған жолаушыдан құны 5 миллион сум (2 миллион теңге) тұратын кілем тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Подслушано в Бухаре" телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кілемнен "IZBASKAN 1969 JIL" деген жазу табылған. Сараптама бойынша бұл бұйым көркемдік және тарихи маңызға ие және Өзбекстаннан тыс жерге шығаруға жатпайды.
Кілем Термез археологиялық музейіне тапсырылды. Аталған факт бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзбекстан заңнамасына сәйкес жасалғанына 50 жылдан асқан мәдени құндылықтарды елден шығаруға тыйым салынған.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында сақ қорғандарын тонап кеткенін жазған едік. Көне қорымдар Жаркент қаласынан солтүстікке қарай жүз шақырым жерде орналасқан. Шамамен бір ай бұрын қорымды тонағанын алғаш рет жергілікті тұрғын Олег Тихомиров байқаған.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”