Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Тоқаев пен Елбасы Назарбаев Головкинді әлем чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Головкинді IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанғанымен  құттықтап, күллі Қазақстанның оны мақтан тұтатынын айтты. Елбасы қазақстандық спортшының жеңіске жетуіне қатысты айтылған құттықтаулар легін жалғады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын.Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға, Гена!" — деп жазды президент Twitter желісіндегі парақшасында

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан боксшысы бұл жекпе-жекте тағы да асқан шеберлік, спортшыға тән мінез бен қажымас қайрат танытқандығын атап өтті.

"Сенің жарқын жетістіктерің Қазақстан жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап елімізде спортты одан әрі дәріптеуге септігін тигізіп отыр.

Саған мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін", - делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы украиналық қарсыласы Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белбеу иеленді. Жекпе-жек бастала сала бірінші раундта GGG қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ украиналық спортшы да бірде-бір соққыны жауапсыз қалдырмады.
 

Талқылау