Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр
Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Министр әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан коронавируспен ауыру көрсеткіші бойынша 221 елінің ішінде 105-орында, ал өлім-жітім бойынша 106-орында тұрғанын айтты.
"18 мамырдағы деректерге сәйкес Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтиижесімен 362 030, теріс нәтижесімен 54 153 науқас тіркелген. Қазақстан "сары" аймақта тұр”, - дейді министр.
"Қызыл" аймақта алты өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары кіреді.
"Сары" аймақта 5 өңір тұр: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.
Ал қалған 6 өңір "жасыл" аймақта.
Шошқа тұмауы адамға несімен қауіпті және жұқтырған жағдайда не істеу керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
"Танысым да, жұмысым да болған жоқ": Катарда 300-ге жуық маманды басқарып отырған қазақ жетістікке қалай жеткенін айтты
Сонымен қатар ол бөлшек сақтандыру бизнесінің вице-президенті