Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
21 сәуірде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" синоптиктеріне сілтеме жасап.
21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысында кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Шымкентте 21 сәуір күні түнде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кей уақытта найзағай, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістанда 21 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
Павлодар облысында кей жерлерде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді.
21 сәуір Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде - 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күше кей жерлерінде 18 м/с жетеді.
21 сәуірде Атырау облысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын болжамына байланысты 2021 жылдың 21-22 сәуір аралығында бүйірлі ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
21 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады күші, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.