"Қазақмыстың" Жомарт кенішіндегі апатқа жұмыс берушінің кінәлі екені анықталды
“Қазақмыс” корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішіндегі 7 кеншінің өліміне әкелген апатқа жұмыс беруші кінәлі екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: “Жомарт” кеніші
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
"Жомарт" кенішінің шахтасында болған апат газ-ауаның қоспасының (метан) тұтануынан болған, бұл жарылысқа төзімді электр жабдығының қолданылмауынан туындағаны анықталды. Сонымен қатар апаттың себептеріне желдету жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі, шахтадағы метан құрамын бақылаудың уақытылы жүргізілмеуі және жауапты лауазымды тұлғалардың қауіпсіздік жұмыстарын бақылаудың болмауы әсер еткен. Жұмыс берушінің апатқа 100% кінәлі екені анықталды", – деді Бектенов.
-
Метан жиналуы, электр жабдықтарының ұшқыны: "Жомарт" кенішіндегі апаттың себебі анықталды
-
"Жүк шахтасының саңылауына құлап кеткен": Қазақмыста тағы бір жұмысшы мерт болды
Премьер-министр ішкі істер органдарының қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Апатты жан-жақты және сапалы тергеу жүргізу мақсатында үкіметтік комиссияның құрамында тиісті бағыттар бойынша қосымша сегіз кіші комиссия құрылып, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалардың және мамандандырылған ұйымдардың сарапшылары мен мамандары тартылды", – деді Бектенов.
Еске салсақ, 2025 жылдың 17 ақпанында Ұлытау облысын “Қазақмыс” корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішінде апат болып, жеті жұмысшы үйінді астында қалған еді. Үйінді астында қалған жұмысшылардың барлығы қаза тапты. Күгні кеше, 19 наурыз күні “Қазақмысқа” тиесілі басқа шахтада тағы бір жұмысшы мерт болды.