"Қазақфильм" киностудиясының аумағында өрт шықты
"Қазақфильм" киностудиясының аумағында өрт шықты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, киностудия аумағындағы өрт бүгін сағат 12-22-де басталған.
“10 шаршы метр аумақта декорация жасайтын ағаш шеберханасының жұмыс үстелі, құралдар мен терезе ойықтары өртенді. Өрт сағат 12:40-та анықталып, 12:42-де жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", – деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды