Әлем чемпионы Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 11 КО) WBC титулының иегері Джермалл Чарлоның (32-0, 22 КО) жекпе-жекке шақыртуын қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: janibek_alimkhanuly Instagram парақшасынан
Бұған дейін америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келетінін хабарлаған еді. Өз кезегінде қазақ боксшысы оған өз жауабын берді
"Чарло? Мен оны оңай нокаутқа түсіре аламын! Чарломен жекпе-жек болса, Жәнібек оны жеңе ала ма деген сұрақ туындамайды. Көптің көкейінде тек "Чарлоны Qazaq style қай раундта қандай соққымен құлатады екен?" деген сұрақ қана болады! Мен қазір өз биігімдемін. Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді. Ірі сөз. Ірі іс", - деді Әлімханұлы.
Айта кетейік, соңғы жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, екінші чемпиондық белбеудің иегері атанды.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимова Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"