Қайрат Нұртастың отбасы Шиеліде құдалық өткізіп келді (видео)
Өткен аптада келін түсірген Айдарбековтер отбасы кеше жас келіннің төркініне құдалыққа барып қайтты. Қайрат Нұртас жаңа құдалаларының шаңырағында әннен шашу шашты, деп хабарлайды Stan.kz.
Желідегі пікірлерге сүйенсек, құдалық Қызылорда өңірінің Шиелі ауданында өткен. Видеодан бұл дәстүрдің үй ауласында өткенін байқауға болады.
Үлкен дастарханнан кейін үй иелері мен жаңа құдалар үй ішінде бас қосты. Көңілді отырыс кезінде:
“Бұрыннан танитындай сіз-біздесіп, жақсы ағайын-туысқандай болып араласып кетейік. Құдалығымыз мың жылдық болсын”, – деп ақ тілегін арнады жаңа құдағилардың бірі.
Один из приятных вечеров 😀 (апа -апа-аппаааа)
Публикация от @aidynkudabaev
Еске сала кетейік, өткен аптада Гүлзира және Нұртас Айдарбековтер екінші ұлын үйлендірді. Беташар рәсімі Айдарбековтердің Астанадағы зәулім сарайында атап өтілді. Гүлзира Айдарбекова жас келінге үкі тағып, үйге адыраспандап кіргізді. Үлкен тойдың қай күні болатыны әзірге белгісіз.
Жіберіп алмаңыз:
Еркенің әнін рэппен толықтырған жігіт желіде “жұлдызға” айналды (видео)
Күйеуімен дуэт айтқан Гүлзира Айдарбекова желіні шулатты (видео)
Фонограммамен ұсталып қалған Ерке Есмаханның масқарасы шықты (видео)
Майғазиев шашын бояп, сырға тағатын жігіттерге арнап анекдот шығарды