Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаевтың 1,4 миллиард теңгеден асатын қонақ үйі Астана әкімдігіне беріледі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қайрат Боранбаевтың "Comfort Hotel Astana" қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өткізуге қатысты жағдайды баяндады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Елорда әкімі қонақ үйді меншікке алғаннан кейін өз қызмет түрін сақтап қалатынын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім фитнес-клубтардың бас кеңсесі басқа қалада орналасқандықтан, тек қонақ үй кешені Астанаға берілетінін түсіндірді.

"Comfort Hotel Astana бойынша тапсыру процесі әлі де болып жатыр. Беру процесі аяқталғаннан кейін біз одан әрі қызмет түрін анықтайтын боламыз. Бірақ мен алдын-ала айтайын, қалада мұндай деңгейдегі қонақ үйлер жоқ. Мекеме өзінің қызмет профилін сақтауы мүмкін. Әлеуметтік және оңалту бойынша біздің мектепке дейінгі және басқа да мекемелер бойынша өз жоспарымыз бар. Біз бұл нысанды әлеуметтік мұқтаждыққа беру қажеттігін көрмейміз", - деді Жеңіс Қасымбек.

Әкім қалада, оның ішінде оң жағалауда үш жұлдыз санаты бар қонақ үйлер жетіспейтінін атап өтті.

Жеңіс Қасымбек, активті елорданың меншігіне беру тоқсан ішінде аяқталатынын мәлімдеді.
 

Талқылау