Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты жаңбыр мен 39 градус ыстық": Қазақстанда маусым айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша 2024 жылғы маусым айына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Синоптиктердің мәліметінше, маусым айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, батыста және елдің оңтүстік жартысында нормадан 1° градусқа жоғары болады деп болжанады.

Маусым айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Атырау, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжануда.

Маусым айында атмосфералық фронттардың өтуімен кей күндері қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел болады деп болжанған.

Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Орта Азиядан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасының жоғарылауы болжанады.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында түнде +2+10°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +13+20°С-тан +22+30°С-қа дейін; шығыста түнде +2+7°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +13+18°С-тан +23+30°С-қа дейін; оңтүстік-шығыста түнде +7+12°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +22+30°С-тан +25+37°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде +20+28°С, күндіз +30+39°С; оңтүстік өңірлерде түнде +12+17°С, күндіз +27+38°С;

Бірінші онкүндіктің соңында елдің басым бөлігінде аптап ыстықтың бәсеңдеуі болжанады. Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз +20+25°С-тан +30+38°С-қа дейін, ал батыс, оңтүстік өңірлерде 25+30°С-тан 34+39°С-қа дейін ауытқуы болжануда.

Талқылау