Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны болған аймақтарға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Президент су қоймаларын тікұшақпен көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Ақорданың мәліметінше, президент жұмыс сапары кезінде Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап өтті.

“Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазір 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған.

Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажет инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жүргізіліп жатыр”, – делінген жазбада. 



Бұл өңірлерде қазір табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев төтенше жағдайлар саласындағы олқылықтарды атаған еді.

Талқылау