Қарлы боран: Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды
Қатты дауылдың нәтижесінде Нұр-Сұлтаннан барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады
Сонымен қатар, Қарағанды облысында барлық бағытта көлік қозғалысы шектелді.
Қазіргі уақытта "ҚазАвтоЖол" сайтында жарияланған жедел ақпарат Нұр-Сұлтан мен Қарағанды жолдары толық жабылған.
Сондай-ақ, "ҚазАвтоЖолдың" Ақтөбе филиалы тұрғындарға алыс жолға шықпауға және ауа райының қолайсыздығы туралы хабарларды назардан тыс қалдырмауға кеңес берді.
"Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз! Төтенше жағдай орын алған жағдайда 1403 қысқа нөміріне хабарласу қажет", - делінген филиал хабарламасында.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды