Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат: Сәбитпен ажырасқан соң Алтынай қатты өзгерді

Алтынай Жорабаева бір үйдің төртінші перзенті. Ата-анасының айтуынша, бауырларының арасындағы ең тұйық мінездісі Алтынай болған. Тіпті, бала күнінде әнге деген әуестігін еш байқатпапты. Сол сияқты отбасылық өмірде көрген қиыншылығы жайлы жан баласына жақ ашпаған көрінеді. Тіпті, құрбыларымен де шүйіркелесіп, әңгіме-дүкен құруды білмеген Жорабаева бар уақытын күйеуі мен қыздарына арнаған.

Бұл туралы Қарақат Әбілдина 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Қарақат ажырасып кеткеннен кейін, Алтынайдың қатты өзгергенін айтты. Әрине, тек жақсы жағына қарай.

“Алтынай көп өзгерді. Үш жыл бұрын осы Астанаға келгенде басқа Алтынай болатын. Бұрын кішкене жасықтау болды, көп нәрсені ішінде сақтады, ішінен тынды. Ашық ешкіммен араласпаған да екен, жарқырап тіпті киінбеген. Тіпті, достары да аз болған. Бала, үй, жолдасының жағдайын, қас-қабағын бақты. Айтылған уақытта концертке барды, қайтты.

Ал қазір кішкене өзін әйел ретінде сезініп, көп уақытын өзіне арнап, сондай көп өзгеріс бар. Ол әйел затына өте қажет. Жүректің тыныштығы, өзіңнің әйел екеніңді сезу, тіпті дүкен аралап, өзіңе керекті нәрсені жан қалауыңмен таңдап алудың өзі адамға үлкен рахат сыйлайды. Бұл ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін, бірақ оның өзі әйел үшін маңызды”, – деп түсіндірді Қарақат.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді

Белгілі журналист Құман Тастанбековтің көзі тірі кезінде бағаланбағанын айтып күйінді (видео)

Мейрамбек Бесбаев: Алтынбек Қоразбаевтың арқасында аяғымнан ешкім шалған емес

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото)

Талқылау