Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында екінші орын алды
Қазақстандық жас әнші Қарақат Башанова Junior Eurovision - 2020 байқауында екінші орын алды. 12 жастағы әнші марқұм әкесіне арнаған "Мәңгілік" әнін орындады.

Жарысты ұйымдастырушылардың ресми сайтына сүйенсек, биылғы жеңіс Франция өкілі Валентинаға бұйырды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша француз қыз 200 балл жинады. Қарақат 152 балл еншілеп, ол Junior Eurovision-2020-да екінші орын алды. Үздік үштікті испаниялық Солеа аяқтады (133 ұпай).
2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты байқау онлайн режимде өтті.
"Менің ойымша, бұл - бүкіл Қазақстанның жеңісі. Барлығыңызға қолдау көрсетіп, дауыс бергендеріңіз үшін рахмет! Алда бізді әлі көптеген жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр", - деді жас өнерпаз.
Айта кетейік, Қазақстан Junior Eurovision байқауынан осымен екінші жыл қатарынан екінші орын иеленді. Былтыр Қазақстанның атынан өнер көрсеткен Ержан Максим поляк қызынан қалып қойған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі