Қарағандылық полицейлер автокөлік айдап әкеткен азаматты ұcтады
31 наурыз күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына жанар-жағармай құю станциясының аялдамасынан белгісіз біреудің автокөлік айдап әкеткендігі туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
Оқиға күндіз сағат 14:30 шамасында болған. Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары А.Шабақбаев пен Д.Мырзамбеков өздеріне бекітілген Михайлов секторында қызметте еді. Оқиға орынына келген олар 38 жастағы жәбірленушіден автокөлігі туралы мәлімет алып, іске кірісті.
Жүргізілген кешенді жұмыс барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай көлікті ұрланған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Ол тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"