Қарағандыда қоқыстан бір айлық сәби табылды
Қарағандыда сәбиін қоқысқа лақтырып кеткен көкек ана іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қыз баланы жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырылды. Дене жарақаттары жоқ. Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - делінген ресми хабарламада.
Дәрігерлер баланың бір айлық екендігін айтып отыр. Нәресте 3 сәуір күні Қарағанды қаласының Октябрь ауданында орналасқан үйдің жанындағы қоқыстан табылған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды