Қарағандыда карантин кезінде тұрғындар би кешін ұйымдастырған (видео)
Қарағанды тұрғындары көпқабатты үйлердің ауласында жаппай би кешін ұйымдастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір кешті ұйымдастырушыларды полицейлер іздестіруде.
Сауық кеші түсірілген видео әлеуметтік желілерде жаппай таралды. Бейнежазбада Майқұдық ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында ондаған адамның жиналып, билеп жүргені аңғарылды. Тіпті, ол үшін арнайы диджей де шақырылыпты. Аталған видео қала тұрғындарының наразылығын тудыруда. Қазір кешке қатысқандардың барлығын тәртіп сақшылары біртіндеп іздестіріп жатқан көрінеді.
"Қазір біз бұл видеоны тексердік. Рейд амалдары жүргізілуде. Кінәлілердің барлығы ТЖ-ны бұзғаны үшін жазаланады", - деді Қарағанды облысының ПД-нің өкілдері.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған