Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында белгісіз ер адам көлік жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған

Белгісіз ер адам шабуылды Қарағанды облысының Нұра ауданында Ахмет ауылынан шығаберісте жасаған. Әлеуметтік желілерде қан-жоса болған адамның оқиға туралы айтып жатқан видеосы тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Жәбірленушінің айтуынша, ол Астанаға жұмысқа бара жатқан және аялдамада жолда тұрған әйелді көрген. Жүргізуші тоқтаған кезде әйелдің жанына ер адам келген. Әйел оны Астанаға жеткізіп тастауды өтінген, бірақ жүргізушінің айтуынша, екі жолаушы да күдікті көрінген. Ол көліктің есігін жауып, кетіп қалмақ болғанда бейтаныс ер адам пышақпен шабуылдаған.

Желідегі видеода әйел де бар. Әйелден шабуыл жасаған ер адам ұлы ма екенін сұрағанда ол анық жауап бермейді. Оқиғаға қатысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір берді. Күдікті ұсталғаны хабарланды.



"Нұра ауданында 14 наурызда жергілікті тұрғынды пышақтап кеткен күдікті ұсталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

 

Еске салайық, Алматыда жол ақысын төлегісі келмей такси жүргізушісін аяусыз өлтірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты.  Алматының мамандандырылған сотында алқабилердің қатысуымен 2023 жылдың жазында жүргізушіні өлтірген кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс қаралды. Жасөспірімдер Шымкенттен Алматы бағытына такси шақырған (қызмет құны 40 000 теңге болған). Алматыға жеткенде олар жүргізушіге көп пышақ жарақатын салып, көлігі мен телефонын ұрлап алып кеткен. Алқабилер соты сотталушыларды ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (адамға қасақана өлім) бойынша кінәлі деп таныды. Олардың әрқайсысы 12 жыл бас бостандығынан айырылды.

Талқылау