Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 6 жасар қызды иттер талап, өлтіріп тастады

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 6 жасар қызды иттер талап өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

15 қараша сағат 17:00-де Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне "жедел жәрдем" дәрігерлері хабарласып, саяжай аумағында жануарлардың талап тастаған алты жасар қыз табылғаны туралы баяндаған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қыздың ата-анасымен бірге саяжайда бір үйде тұрғанын анықтады. Сол күні қыз ересектердің қарауынсыз үйдің ауласында иттердің арасында қалып қойған.

Бір топ ит баланы қоршап алып, оған шабуыл жасаған. Баланың айқайын естіген ата-ана көшеге шығып, иттерді қуып, жедел жәрдем шақырған.

Келген дәрігерлер баланың қаза болғанын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сараптама тағайындалды. 

"Барлық жағдай анықталуда. Сондай-ақ, полицейлер ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде. Иттерге келетін болсақ, оларды ұстау бойынша тиісті ветеринарлық қызметтерге нұсқау жолданды", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Талқылау