Қанат Шарлапаев министр қызметінен босатылып жаңа лауазымға тағайындалды
Қанат Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Ол министр қызметіне 2023 жылы келген еді.
Шарлапаев 1981 жылы Ресейде туған. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Ресей Петрокоммерц банкінің Клиенттерді басқару басқармасының менеджері болып бастаған.
2006-2008 жылдары "Сити" инвестициялық банкінің Лондон (Ұлыбритания), Прага қалаларындағы (Чехия) Қаржы департаментінде маман болып жұмыс істеген;
2008-2014 жылдары "Сити" инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президенттің көмекшісі, вице-президенті болған;
2014-2015 жылдар аралығында Ұлыбританияның "Сити" инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті лауазымын атқарған;
2015-2017 жылдары Қазақстанның Ситибанкінде бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті болға;
2017-2020 жылдар аралығында Ресей Федерациясының "Сити" инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болып жұмыс істеген;
2020 жылы "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры лауазымына тағайындалған;
2022 жылғы ақпаннан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметін атқарған;
2023 жылдың 4 кыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалғаны туралы жазған едік.