"Қалың қар мен қатты аяз күтіледі": Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет Қазақстан бойынша 9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандар ел аймақтарында аяз сақталатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pixabay-дан
Синоптиктер алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап аяз болатынын болжады. Республиканың шығысында қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Республиканың оңтүстігінде 9-11 желтоқсанда тау бөктерінде және таулы аймақтарда қалың қар жауады.
Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін, орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды