Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қабырғамнан шеміршек алды": Актриса Жанель Мақажан ауыр отадан шықты

Отандық актриса Жанель Мақажанның денсаулығы сыр беріп, ота жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/abay.asylkhan/

Киножұлдыз оқырмандарының қорқынышын басып, сәттілік тілеуін айтқан еді. 

"Қайырлы таң! Операцияға келе жатырмыз. Маған дұға жасаңыздаршы, алланың қалауымен бәрі жеңіл әрі көркем түрде өтсін", – деп жазған актриса. 

Көп ұзамай отаның аяқталғанын айтып, оқырмандарымен қауышты. 

“Барлығына сәлем! Өзімді бірқалыпты сезінемін, кішкене әлсіздік бар, бірақ мен дәл қазіргі күйімде бұл қалыпты жағдай. Олар менің қабырғамнан шеміршек алды, енді орны ауырып тұр", – деп жазды өнер иесі. 



Өзінен сегіз жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан актрисаның күйеуі, актер Абай Асылхан да жарына қолдау білдірді. 

“Менің жолдасымның мұрнына ота жасалады. Осыдан 4 жыл бұрын жасаған еді, алайда ол сәтсіз болды. Қайтадан жасауға келіп отырмыз. Ота 4-5 сағатқа созылады екен. Олар қабырғадан шеміршекті алып, мұрынға жалғайды”, – деген актер. 

Еске салайық, өнер өкілдері жақында ата-ана атанған еді. 

Талқылау