Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иттер туралы таңғажайып мәлімет

Stan.kz адамның адал досы ит туралы қызықты мәліметтер ұсынбақ.

Иттер туралы таңғажайып деректер

  1. Иттер 250-ге дейін сөзді және ым-ишараны түсінеді және бесге дейін есептеп, қарапайым математикалық мәселелерді шеше алады. Интеллектуалды түрде олар екі жастағы баланың деңгейінде.
  2. Иттер құшақтағанды ұнатпайды! Олар үшін бұл – басымдықтың белгісі. Сондықтан, итті құшақтай берудің доғарған жөн!
  3. Иттер ультрадыбыстық ысқырықтарды ажыратады. Мұны білген Пол Маккартни шотландиялық овчаркасына арнап «День жизни» әнінің соңына осы дыбысты жазған.
  4. Ежелгі Қытайда императордың соңғы қорғау желісі пекинес тұқымды кішкентай ит болған. Ол киімнің жеңінде жасырынып, қауіп төнген жағдайда секіріп шығып, қожайынының дұшпанына шабуыл жасаған.
  5. Кембридждің колледжінде оқып жүрген Лорд Байрон итін оқу орнына кіргізбей қойғанда, оның орнына қонжық әкелген.
  6. Иістің қайдан шығып тұрғанын анықтау үшін иттің мұрны дымқыл болуы керек.
  7. Чипі бар қарғыбау алғаш рет ежелгі Грецияда ойлап табылды. Оны иттердің мойнын қасқырдың шабуылынан қорғау үшін қолданған.
  8. Егер итіңізден чипсының иісі шықса, ол чипсы ұрлап жеді деген сөз емес. Ғылымда «Frito Feet» деген феномен бар. Иттің аяқ-қолында бактериялар көп жиналып қалса, одан жүгерінің дәмі бар чипсының иісі шығады. Оған себеп – серуендеп келгеннен кейін гигиеналық ережелердің сақталмауында.
  9. Banks атты боксшы ит пен Buttons деп аталатын қаз бүкіл жұрт сүйсінген айырылмас достар. Ит апатқа түсіп, соқыр болып қалғаннан кейін қаз екеуі достасып кетеді. Қаз оған аяғынан тұруға көмектесіп, соқыр досын жетектеп жүрді. Buttons досын мойнымен итеріп, қаңғылдап бағыт береді және ешқашан оны жалғыз қалдырмайды.
  10. Шын мәнінде, иттер ішеді. Тілін қасық тәрізді қайырып, жоғарыға емес, төменге қайырып ішеді.
  11. Күшікте 28 тіс, ал ересек иттерде – 42 тіс болады.
  12. Үлкен иттің жүрегі дәл адамдікі секілді. Сондай-ақ, тыныш жағдайда иттің жүрегі минутына 60-тан 100-ге дейін соғады, ал кішкентай иттердікі 100-140-қа дейін жетеді.
  13. Иті бар адамдардың 72% -ы жануарлары дауылды алдын-ала болжай алады деп есептейді. Тамаша есту қабілетінің арқасында иттер ауа-райын болжай алады. Олардың есту қабілеті адамдарға қарағанда 10 есе артық дамыған.
  14. Итте үш жұп қабақ болады. Үстіңгі, төменгі және көзді майлап, қорғайтын мембраналық қабақ.
  15. Иттерде 1700 дәмдік рецептор болады. Салыстырып қарайтын болсақ, адамда 9 000 дәмдік рецептор бар.
  16. Иттер иісті адамдарға қарағанда 10,000 – 100,000 есе артық сезеді.
  17. Тәттілер туралы айтатын болсақ, шоколад иттер үшін қауіпті. Онда орталық жүйке жүйесі мен иттің жүрек бұлшықетіне әсер ететін теобромин бар. Адамда бұл зат энзимдерді бұзады.
  18. Естеріңізде болсын, иттің ойынша сіз топтың көшбасшысыз.
  19. Иттер инстинктивті түрде кез-келген іс-әрекеттің алдында көшбасшының мақұлдауын күтіп, талап етеді.
  20. Иттер адамдар сияқты жылдам тамақтанғанда немесе ішкенде ықылықтайды.
  21. Адам баласы секілді, чихуаулар да жұмсақ жермен, еңбекпен дүниеге келеді. Яғни, оның бас сүйегінің үстіңгі бөлігі сәбилердікі секілді жасына қарай қатаяды.
  22. Олар судан үнемі құрғақ шығады. Соның ішінде ньюфаундленді иттер суға түссе де су болмайды. Сондай-ақ, жарғақты аяғының арқасында суда керемет жүзеді.
  23. Ең жылдам ит Стар Тайтл деп аталатын грейхаунд. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 67,32 шақырымды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіш 1994 жылдан бері жаңғырмады.
  24. Өкінішке орай семіздік иттердің денсаулығының басты мәселесі болып табылады.
  25. Дүние жүзінде тек иттің 703 түрі ғана асыл тұқымды.
  26. Иттер белгілі бір нысанды алдымен оның қозғалысы арқылы, содан кейін жарықтығына және пішініне қарап жорамалдайды.
  27. Рин Тин Тин деп аталатын ит «голливуд жұлдызы» атанған алғашқы ит болды. Сондай-ақ, ол барлық атақты адамдар сияқты өзі түскен 22 фильмнің келісіміне табанын басып қол қойған.
  28. Иттің мұрны неғұрлым ұзын болса, оның ішкі суыту жүйесі соғұрлым жақсы жұмыс істейді.
  29. 1988 жылы АҚШ-тың кедендік бақылауында Рокки мен Барко есімді иттер қызмет еткен. Олар Техас пен Мексика арасындағы шекараны бақылауда соншалықты жақсы жұмыс істеді, сондай-ақ Мексиканың есірткі сатушылары олардың басы үшін 30 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындаған.
  30. Иттердің 45%-ы қожайындарының төсегінде ұйықтайды.
  31. Алдыңғы табанымен ойнайтын иттер осы әрекетіне байланысты боксшы ит деп аталып кеткен.
  32. Чихуахуа тұқымды ит алғаш рет Мексика жерінен табылды және Мексикадағы Чихуахуа штатының құрметіне осылай аталды.
  33. Күшіктер дүниеге келгеннен кейін тек бір айдан кейін ғана дұрыс көре бастайды.
  34. Лундехунд тұқымды иттердің әр табанында 6 саусақ болады.
  35. Христиандықтардың Киелі Кітабында иттер туралы 14 рет айтылады.
  36. Титаник қираған кезде үш ит аман қалған. Олар – ньюфаундленд, померандық шпиц және пекинес тұқымды иттер. Сондай-ақ, үш ит те кеме суға батарда бірінші класта болған.
  37. Итті алғаш рет 2005 жылы оңтүстік кореялық ғалым Хван Усок клондады. Бүгінде бұл рәсім 100,000 доллар тұрады.
  38. Макс деп аталатын терьер тұқымды ең құрметті ит 2013 жылдың тамызында 30 жасқа толды. Адами нормалар бойынша бұл 210 жыл!
  39. Назар аударыңыздар, дабыл сигналының аналогы иттерде құйрықты сол жағына бұлғақтату болып табылады.
  40. Иттер көлік жүргізуді де үйренген. Жаңа Зеландияның жануарлардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамы иттерге тәжірибе жасады. Нәтижесінде үш ит көлікті тік жолмен айдауды үйреніп, тіпті бұрып көрген.
  41. Тұқымы ең биік ит неміс иті деп аталады. Ол артқы аяғымен тұрады және оның бойының биіктігі 2, 20 метрге жетеді.
  42. Ең кішкентай ит Heaven Sent Brandy деп аталатын чихуахуа. Оның салмағы 900 грамм, ал бойы Coca-Cola-ның құтысындай аласа.
  43. Жануарлар туралы алғашқы заң 17-18-ші ғасырларда Жапонияда қабылданды. Ол заңға сәйкес иттерді өлтіргендер өлім жазасына кесілген. Ал қала тұрғындары қаңғыбас иттерге үлкен құрмет көрсетуге тиіс болған.
  44. Канар аралының жергілікті тұрғындары кезінде итке табынғандықтан, Канар аралдары иттердің құрметіне осылай аталған. Ал «канарей» құстары – осы аралдардың құрметіне осындай атауға ие болды.
  45. XIV ғасырдың «Митрополичьенің әділеттігі» атты заңдар жинағына сәйкес, ежелгі Русьте ит 3 жылқы немесе бір отар қой секілді бағаланған.
  46. Иттер қасқырдың тікелей ұрпағы болып табылады.
  47. Иттің жыртқыш табиғаты оның тамақтануын анықтайды. Иттер мүмкіндігінше биологиялық, яғни қасқыр сияқты көп мөлшерде жануар ақуызын жеу керек.
  48. «@» белгісін ресейліктер ит таңбасы деп атайды. Бірақ басқа елдерде бұл ұлу, маймыл, штрудель, майшабақ және қазақ тілінде айдың құлағы, яғни айқұлақ деп аталады.
  49. КСРО-да Лайка есімді итті ғарышқа жіберген кезде, оның өлетіні белгілі болған. Сол кезде КСРО-ның жануарларға деген осындай көзқарасы Миссисипидің үй шаруасындағы әйелдерін қатты ашуландырды. Сонда олар БҰҰ-на хат жазып, «егер ғылымды дамыту үшін тірі тіршілік иесін ғарышқа жіберу керек болса, онда біздің қаламызда қара нәсілді адамдар қаптап жүр» деп тәжірибеге қара нәсілді адамдарды алуды ұсынған.
  50. Иті бар адамдардың 66% -ы басқа адамдарға қарағанда көбірек қозғалады.
Талқылау