Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам Чесноков Шотландияның "Хартс" клубына ауысады

Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасы мен "Тобыл" клубының шабуылшысы Ислам Чесноков Шотландияның "Хартс" клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңда тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр. Клуб қызметкерлерінің айтуынша, алдын ала трансфер туралы келісімге қол жеткізілгені хабарланды. Келісім алдағы апталарда ресми түрде бекітілуі мүмкін.

Футболшының агенті Ярослав Зварич "Хартс" тарапынан қызығушылық бар екенін растады және келіссөздер әлі жалғасып жатқанын айтты. Сонымен қатар, Чесноков маусымды ерте аяқтап, жаңа клубқа мүмкіндігінше тез қосылуға дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін, қаңтар айында, "Хартс" Чесноковты сатып алуға әрекет жасаған. Алайда қаржылық шарттар бойынша келісе алмағандықтан трансфер жүзеге аспаған. Соған қарамастан, шотландиялық клуб ойыншыға деген қызығушылығын сақтап отыр және келісімді аяқтау үшін жұмысын жалғастыруда.

Айта кетейік, футболшының “Тобыл” клубымен келісімшарты 30-қазанға дейін жасалған. Қазір Transfermarkt порталында қазақстандық шабуылшының құны 800 000 еуроға бағаланған.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 14:03
Талқылау