"Іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алған": Астанада мектеп оқушысы түрлі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Астанада мектеп оқушысы түрлі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astanovka.98 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес қыз Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Алдын ала мәлімет бойынша қызды оның кездесіп жүрген жігіті пышақтап кеткен.
Полиция қазір күдіктіні ұстаған. Оған “Кісі өлтіруге оқталу” бабымен іс қозғаған.
“Жарақат алған оқушы қыз №2 көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қыздың алдыңғы құрсақ бөлігінен көп жарақат алғанын мәлімдеді. Қазір құрсақ бөлігіне ота жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты”, – деп жазды телеграм-арнада.
Желіде қыздың іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алғаны айтылған.
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"
Бурабайға шомылуға барған отбасы тері ауруын жұқтырған: Дәрігер қазақстандықтарға ескерту жасады
Дәрігер: "Бала ойда-жоқта қасып, басқа адамдарды ұстаса ауру одан әрі жұға береді"