Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран хиджаб кию ережесін сақтамаған әйелдерді дронмен бақылайды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Иранда хиджаб кию ережелерінің сақталуын бақылау үшін дрондар мен бейнебақылау камералары кеңінен қолданылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

БҰҰ мәліметтері бойынша, әсіресе бұл Тегеран мен Иранның оңтүстігінде көп қолданылады.

Тегеранның Амиркабир университетінде билік кіреберіске хиджаб кимейтін әйелдерді анықтау үшін бетті тану бағдарламалық құралын орнатқан. Иранның негізгі жолдарындағы бақылау камералары оранбаған әйелдерді іздеу үшін де қолданылады .

БҰҰ қызметкерлері сонымен қатар, Иран полициясы азаматтарды Nazer мобильді қосымшасын орнатуға мәжбүр ететінін алға тартты. Бұл құқық қорғау органдарына автобустарда, метрода, таксиде тіпті жедел жәрдем көліктерінде орамалсыз жүрген әйелдер туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Заңдарды бұзған немесе оларға қарсы шыққан әйелдерді қамауға алып, ұрып - соғады. 

2022 жылы 22 жастағы ирандық күрд әйел Махса Амини елдің әйелдерге арналған қатаң киім үлгісін бұзғаны үшін қамауға алынып, кейін қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, Махса хиджабты дұрыс кимеген.



"2022 жылдың қыркүйегінде наразылықтар басталғаннан кейін екі жарым жыл өтті. Соның өзінде Ирандағы әйелдер мен қыздар міндетті түрде хиджаб киюге қатысты тәжірибеде де жүйелі кемсітушілікке тап болуда. Мемлекет қаржыландыратын сот қызметіне көбірек сенім артып, кәсіпорындар мен жеке тұлғаларды хиджаб киюге мәжбүрлеуге тырысып, оны азаматтық міндет ретінде ұсынды", – делінген хабарламада.

БҰҰ-ның баяндамасы адам құқықтары жөніндегі кеңеске 18 наурызда ұсынылады.

Талқылау