Индира Расылхан бұрынғы енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
Әншілікті тастап, өнерден алыстаған Индира Расылхан қазақтың келін кіргізу, қыз ұзату тойларына шығатын көрінеді. Сондай тойдың бірінде қобалжып отырғанын айтқан өнер иесі бұрынғы енесі туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Индира Расылхан тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерге “менің жолымды берсін” деп тілек тіледі.
“Келін мен ене мәселесінде менің жолымды берсін деп айтқым келеді. Ол жағынан менің жолым болды. Біз мамам (енем) екеуіміз әлі күнге дейін бір-бірімізді жақсы көреміз. Енеммен қарым-қатынасым өте жақсы. Өмірімде бірде-бір рет ренжісіп, сөзге келіп, артық сөз айтып көрмеппіз. Ол кісі мені әлі күнге дейін сыйлайды, мен де ол кісіні жақсы көремін. Сіздерге сондай жақсы қарым-қатынас тілеймін. Әлі күнге дейін бір-бірімізбен араласып тұрамыз. Менің енем алтын кісі ғой. Алла ғұмырын ұзақ етсін”, – дейді Индира Расылхан.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген